Дулатбек Қыдырбекұлы: Қазақстан батыл реформалар алдында тұр

29 Қаңтар 2021, 15:49
1612
Бөлісу:
Дулатбек Қыдырбекұлы: Қазақстан батыл реформалар алдында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен өткен «Мәжіліс сайлауының қорытындысынан кейінгі Қазақстанның саяси-партиялық алаңы: даму бағдары» онлайн-конференциясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Дулатбек Қыдырбекұлы айтты.

Қазақстан қазірде батыл әрі белсенді реформалар алдында тұр. Мұны өткен Мәжіліс сайлауы барысында байқадық. Біз алға бір қадам жасадық. Бұл қоғамның белсенділік танытып, айтарлықтай алға жылжығанын дәлелдейді, - деді ол.
Дулатбек Қыдырбекұлы: Қазақстан батыл реформалар алдында тұр

Оның айтуынша, мемлекет бойынша халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болған, соның ішінде Алматы қаласында сайлаушылар белсенділігі сәл бәсеңдеу. 

Сайлаудағы басты прогресс, Мәжілісте басқа партия өкілдері санының артуы. «Ақ жол», «ҚХП» партиялары 11% және 9% пайыздық көрсеткішпен сайлау шегінен өте алды. Сонымен қатар сайлауға түскен партияларда жастар саны біршама көбейді. Бұл, өз кезегінде, Мәжіліс жұмысының алдағы уақытта жаңа идеялармен толығып, қарбалас жұмыс атқарылады деп үміттенемін. Осы уақытқа дейін ел экономикасы көп жыл бойы бір орында тұрғанымен, қазір баяу болса да, алға жылжу бар. Жаңа Мәжіліс құрамы өзекті мәселелерді шешіп, батыл шешімдер қабылдайды деген сенімдемін, - деп түйіндеді ол.
 
Ботакөз ЖАҚИЯНОВА
Өзгелердің жаңалығы