Дулат Исабековтің аманаты: "Хош! О дүниеде сендердің амандықтарыңды тілеймін!"

Бүгiн, 15:04
553
Бөлісу:
Дулат Исабековтің аманаты: "Хош! О дүниеде сендердің амандықтарыңды тілеймін!"

Бұл туралы белгілі қаламгер көзінің тірісінде Adal Adam ютуб арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның болашағы міндетті түрде жарқын болу керек. «Бөрте» деген пьесада Бөртенің сөзін аманаттап қайталап берейін. «Хош, тарихтың талай-талай талапайынан аман қалған қыпшақ даласы! Мен енді бұл маңға қайтып айналып келмеспін. Тірі болсам бұ дүниеде, өлі болсам о дүниеде сендердің амандықтарыңды тілеймін. Жошының тастап кеткен Ақ Еділден бастап Алмалыға дейінгі аралықты өздерің мәңгі мекендеңдер! Мәңгі тіршілік болсын, мәңгі бейбітшілік болсын! Осы жердің бетінде өніңдер, өсіңдер, өркендеңдер! Мен байқасам, сендердің болашақтарың өте зор!» дейді. Мен де осы сөзді аманаттауыма болады, - дейді жазушы Дулат Исабеков.

@adal_adam Белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков дүниеден өтті. Орны толмас қайғы. Қазақ жұртына қайғырып көңіл айтамыз. Қайраткер қаламгер осыдан бір жыл бұрын Adal Adam YouTube арнасына сұхбат берген болатын. Жоғарыдағы қысқа видео сол әсерлі әңгіменің үзіндісі. #дулатисабеков ♬ оригинальный звук - ADAL Adam
Өзгелердің жаңалығы