Дүкен есігін балғамен сындырған: 20-ға жуық iPhone ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде күдікті кіреберіс есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне кірген.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 11:48
Бүгiн 2026, 11:48
174
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде дүкен есігін балғамен сындырып, 15 миллион теңгенің телефондарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

15 наурызда Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен ұялы телефон ұрланған.

Белгісіз азамат кіреберіс есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне кіріп, 18 ұялы телефонды ұрлап кеткен. Кәсіпкердің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түсті. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік тұрғындарды алдап, iPhone-ды 45 мың теңгеден "сатқан".

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх