«Дубайға жолдама алып беремін»: ақтаулық алаяққа алданды

Дубайға жолдама аламын деген ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 Наурыз 2023 2023, 13:17
АВТОР
 azattyq-ruhy.kz 25 Наурыз 2023 2023, 13:17
25 Наурыз 2023 2023, 13:17
1037
Фото: azattyq-ruhy.kz

Дубайға жолдама аламын деген ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының тұрғыны Дубайға саяхат жасау үшін белгісіз тұлғадан жолдама алған.

Келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, 51 жастағы тұрғын наурыз айының бастапқы мерзімінде жолға шығу қажет болған. Алайда осы уақытқа дейін күдікті азаматша берген уәдесін орындамаған. Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 658 мың теңге. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Наверх