Дубайда үй өртеніп, 16 адам қаза тапты

16 Сәуір 2023, 17:01
761
Бөлісу:
Дубайда үй өртеніп, 16 адам қаза тапты
Фото: ©AP Photo/Jon Gambrell

Дубайдың ескі бөлігіндегі тұрғын үйдегі өрт 16 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Lenta.ru Khaleej Times басылымына сілтеме жасай отырып жазды.

Өрт сенбі, 15 сәуірде Аль-Рас ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатында болған. Бұл квартал қаладағы ең көне базарымен танымал, онда оның көптеген қызметкері тұрады.

Өрт 16 адамның өмірін қиды, тағы 9 адам жарақат алды. Алдын ала тергеу өртке ғимараттың қауіпсіздігі мен қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болғанын көрсетті, - делінген азаматтық қорғаныс қызметінің мәлімдемесінде.

Дубайдың құтқару тобы жылжымайтын мүлік иелері мен пәтер тұрғындары үшін «оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік талаптары мен нұсқауларын толығымен сақтаудың» маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы