Дубайда кеңселер мен туристік орталықтар ашылып жатыр

4 Мамыр 2020, 11:25
1438
Бөлісу:
Дубайда кеңселер мен туристік орталықтар ашылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде де карантинге қатысты шектеу жеңілдей бастады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Дубай қаласында кейбір кеңселер мен туристік орталықтар ашылды. Десе де, сауда орындары мен мейрамханаларда келушілер саны аз. Мәселен, қасиетті Рамазан айында халықтың басым көпшілігі ауыз бекіткен. Абу-Даби қаласында да сауда орталықтары жұмысын жандандырды. Ал мектеп, мешіт пен кинотеатр сияқты өзге де қоғамдық орындардың әзірге ашылатын түрі жоқ. Айта кетейік, бүгінде елде 13 600-ге жуық адамға коронавирус диагнозы қойылды. 119 адам кесел құрбаны болды.


Өзгелердің жаңалығы