Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, ҚХР, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2 561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 351 адам, анықтамасыз 210 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен – 1 513, анықтамасыз - 128;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.