ДСҰ: Миллиардтан астам адам тырысқақ індетін жұқтыруы мүмкін

26 Ақпан 2023, 14:52
1242
Бөлісу:
ДСҰ: Миллиардтан астам адам тырысқақ індетін жұқтыруы мүмкін
Фото: Фото: h-clinic.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үш елде індеттің өршуі туралы хабарлағаннан кейін тырысқақ ауруының тез таралуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тырысқақ және эпидемия аурулары тобының басшысы Филипп Барбоза инфекцияны жұқтырған елдердің жалпы саны 22-ге жеткенін айтты.

Біздің бағалауымызша, 43 елде тұратын 1 миллиардтан астам адамға тырысқақ ауруының тікелей қаупі төніп тұр. Тек соңғы аптада үш елде жаңа ошақтар пайда болғаны туралы хабарлады. Қазіргі уақытта ДДҰ-ның бес аймағындағы 22 кл тырысқақ індетімен күресіп жатыр, – деді ол.

Эпидемиологтың пікірінше, бұл індеттің негізгі қозғаушы күштері – кедейлік, қақтығыстар және табиғи апаттар, қазір климаттың өзгеруімен шиеленісіп жатқан індеттерді қоздырады.

Тырысқақ – Vibrio cholerae бактериясы тудыратын жіті жұқпалы ішек ауруы.  Ауру ластанған сум немесе тамақ арқылы жұғады және ауыр диарея белгілерімен, яғни сұйық нәжіс, құсу және сусызданумен көрінеді. Тырысқақ жедел бүйрек жеткіліксіздігі секілді ауру асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға қауіпті. Ауру бірқатар дамушы елдерде мәселе болып отыр, өйткені онда гигиена мен санитарияның қажетті жағдайлары әрдайым сақтала бермейді.

Өзгелердің жаңалығы