ДСМ жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдерін жеңілдетті. Не өзгерді?

15 Тамыз 2024, 10:41
429
Бөлісу:
ДСМ жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдерін жеңілдетті. Не өзгерді?
Фото: Артём Чурсинов -архив

Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Жаңа стандартқа сәйкес жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Сонымен бірге бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған, ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы