Жамбыл облысында балалардың жаппай улануына тамақтану процесіндегі бұзушылықтар себеп болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тамақтанған кезде уланған. Тиісті сынамалар алынып, стафилококк анықталды. Бұл тамақ дайындау және сақтау технологиясының бұзылғаны салдарынан балалардың жаппай уланғанын көрсетеді, – деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға бақылауын күшейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр.
Еске салсақ, Алматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында аналарымен бірге отырған кішкентай балалар жаппай уланған еді.