Бұл туралы Ақтауда әуе апаты бойынша комиссия басшысы, денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вице-министр зардап шеккендердің жағдайына тоқталды.
Кешегі апаттан соң 29 пациенттің жағдайы тәулік бойы қадағалаудамыз. Бүгін таңертең Ресей Федерациясының тоғыз азаматы емін әрі қарай жалғастыру үшін санавиация бортымен Мәскеу қаласына эвакуацияланды. Сонымен қатар бүгін кешке Әзербайжан азаматтары – 14 науқас өз еліне эвакуацияланды. Дәл қазіргі уақытта бізде 6 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде — үш Әзірбайжан азаматы және үш Қырғызстан азаматы бар. Төртеуі жансақтау бөлімінде, бір науқастың жағдайы өте ауыр. Емдеу одан әрі жалғасып жатыр, - деді ол вице-министр.