ДСМ мен ҚМДБ ағза донорлығы мәселесін қалай шешпек

27 Қаңтар 2025, 14:50
379
Бөлісу:
ДСМ мен ҚМДБ ағза донорлығы мәселесін қалай шешпек
Фото: BAQ.KZ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство ҚМДБ-мен бірге ағза донорлығы мәселесін талқылағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Проблема бар екенін жасырмаймыз. 4000-нан астам азаматымыз трансплантация кезегінде тұр. Оның ішінде 70%-дан астамы бүйрек трансплантациясына. Жылына 300-ден астам азаматымыз кезегі жетпей қайтыс болып кетіп жатқан жағдайлар бар. Осының бәрін ҚМБД-мен бірге талқыладық, - деді министр.

Сөзінше, ҚМДБ осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерттеп көруге ұсыныс айтқан.

Ең бастысы бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қызметті атқаратын тарифтерді қайта қарадық. Ынталандыру жұмыстарын кеңінен жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2800 қазақстандық eGov порталы өздерінің келісімін берді. Сондықтан қоғамда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Бұл жұмысты бірлесе атқаруымыз керек, - деп айтты Әлназарова.

Министрдің айтуынша, соңғы аптада жүрек, бүйрек транспантациясы жасалған. Инсульттан кейін ми өлімі тіркелген азаматтың туған-туысқандары жақынының органдарын донорлыққа беруге келісім берген. Осылайша, кезекте тұрған адамдар жүрек пен бүйрек донорлығын алған.

Өзгелердің жаңалығы