«Достық дастарханы»: Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

1 Мамыр 2023, 21:03
979
Бөлісу:
«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды
PHOTO
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Жамбыл облысының орталығы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Қонақтарға арналып «Достық дастарханы» жайылып, 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ қазақ күресі, өзбек күресі, белбеу күресі, самбо, у-шу, таэквондо, мас-рестлинг, армрестлингтен секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындарды мерекемен құттықтап, тілегін білдірді.

Жақында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясы өтті. Президент өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдығын айқындап, қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайту қажет екеніне арнайы тоқталды. Бұл міндеттер мен мақсаттарды өздеріңізбен бірге жүзеге асыратынымызға сенімім мол. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп білемін. Ынтымағы жарасқан Жамбыл жерін мекен еткен 80-нен астам этнос өкілдері де ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысуда. Олар экономиканың қай саласында болмасын елеулі еңбектің үлгісін көрсетуде, - деді аймақ басшысы.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Жалпы облыста 75 этномәдени бірлестіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылы өңірімізде бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз нәтижесін беруде.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Осы жоба шеңберінде өткен жылы (2022 жыл) жұмысшы топ мүшелері 200-ден астам елді мекендегі тұрғындарымен 600-ден астам кездесу, 150 қоғамдық қабылдау өткізді. Ондағы көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табуда.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Сондай-ақ этнос өкілдері қайырымдылық шараларына да белсенді қатысуда. Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында этномәдени бірлестіктердің демеушілері мен меценаттарының қолдауымен 150 млн 350 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бұдан соң өңірдегі татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктердің бірқатар өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Достық дастарханы»:  Жамбылда 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды

Сондай-ақ бұл күні облыстың барлық аудандарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар, спорттық жарыстар өтті.

Өзгелердің жаңалығы