«Достық» өткізу пункті арқылы жүк тасымалдау уақытша тоқтатылды

26 Тамыз 2021, 19:31
1844
Бөлісу:
«Достық» өткізу пункті арқылы жүк тасымалдау уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік құралдарына арналған дезинфекциялық жабдықтың істен шығуына байланысты, қытай тарапы «Алашанькоу» өткізу пункті («Достық» автомобиль өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан) арқылы автомобиль жүк тасымалдарын уақытша тоқтатты.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір қазақ-қытай шекарасында 2 теміржол пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 2 автомобиль өткізу пункті («Нұр жолы», «Бақты») жұмыс істейтінін, олар арқылы карантиндік шараларды ескере отырып, тек жүк пен тауар өткізу жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз. Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдарының қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау үшін хабарлаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
 

 

Өзгелердің жаңалығы