Досмұхамбетов: 8 трлн теңге көлемінде 78 іс-шараны іске асыру қолға алынады

25 Қаңтар 2022, 12:55
1657
Бөлісу:
Досмұхамбетов: 8 трлн теңге көлемінде 78 іс-шараны іске асыру қолға алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары туралы мәлімдеме жасады.

Оның мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің қолдауымен өңірдің ең маңызды, түйінді мәселелерін шешуге және өңірді одан әрі тиімді дамытуға бағытталған облыстың Кешенді даму жоспары жаңартылған.

Жалпы, Кешенді жоспардың нақтыланған жобасы ҰЭМ және барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді. Кешенді жоспар жобасының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шараны қамтып отыр. Нәтиежесінде республикалық бюджеттен 535,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 112,6 млрд теңге, басқа қаражат көздерінен 8,3 трлн теңге, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 14,3 млрд теңге қарастыру жоспарлануда, -деді облыс әкімі.

М. Досмұхамбетовтың атап өтуінше, 185 іс-шара 15 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда экономикалық даму бағыты бойынша: өнеркәсіп, ауыл және балық шауашылығы, туризм, кәсіпкерлікті дамыту салаларында 8,0 трлн теңге көлемінде 78 іс-шараны іске асыру қолға алынады.

Жалпы құны 728,8 млрд теңгені құрайтын 66 іс-шара тұрғын-үй, су, газ, электрмен жабдықтау және транспорттық инфраструктура мен экология мәселерін шешуге бағытталған. Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету бағыты бойынша 41 іс-шара енгізіліп отыр, жалпы жоспарланып отырған қаражат  223,8 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ өңір басшысы 2022 жылға жоспарланған Атырау облысының кешенді жоспарында іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен 98 млрд 900 млн теңге көзделіп отырғанын жеткізді.

Бекітілген қаражаттан басқа үстіміздегі жылы белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін, құрметті Әлихан Асханұлы, республикалық бюджеттен қосымша 67 млрд теңге бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын, -деді Атырау облысының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы