Досаев халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетілетінін айтты

7 Қыркүйек 2021, 09:49
3898
Бөлісу:
Досаев халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

2023 жылдан бастап бағаны әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге ауысуды бастау орынды деп есептейміз. Бұл сервистік инфляцияны 2022-2024 жылдары 4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді, - деді Досаев.

Ол атағандай, ұсынылатын шаралардың тиімділігі көбінесе өңірлердегі жұмыстың жұмыла ұйымдастырылуы мен үйлестірілуіне байланысты.

Бірқатар облыста биылғы жылдың басынан бастап бағалардың тұрақты түрде жоғары өсімі байқалады. Мысалы, осы жылғы тамызда 5 өңірде инфляция 9%-дан жоғары қалыптасты. Осыған байланысты Ұлттық банк аталған облыстар үшін инфляцияны тұрақтандырудың арнайы жоспарларын қабылдап, өңірлермен бөлек-бөлек жұмыс жүргізуді ұсынды, - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы атағандай, шаралар кешеніне Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы 2021-2023 жылдарға арналған келісімді тиімді іске асыру да инфляцияны орнықты түрде төмендетуге ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы