Досаев Қазақстанның 2021 жылғы экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды

1 Қазан 2020, 18:17
2483
Бөлісу:
Досаев Қазақстанның 2021 жылғы экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды, - делінген хабарламада.
Досаев Қазақстанның 2021 жылғы экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды

Президентке Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы