Досаев «Алматы Су» кәсіпорнын дамыту жоспарымен танысты

20 Желтоқсан 2022, 18:20
851
Бөлісу:
Досаев «Алматы Су» кәсіпорнын дамыту жоспарымен танысты

Қала басшысы қысқа мерзімде инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету қажеттігіне ерекше мән берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Себебі, қазір Алматыда су құбыры желілері 55,8%, кәріз желілері 57,5%, құбырлардың бір бөлігі 100% тозған. Мұның алдын алу үшін жыл сайын кемінде 104 км су құбырын, 73 км кәріз желісін ауыстыру қажет. 

Әрі диаметрі 900 мм және одан жуан ірі су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту керек. Бірақ қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жыл сайын тек 20-24 км тозған құбырды ауыстыруды көздейді. 

Мамандар оның себебін төмен/теңгерімсіз тарифпен байланыстырады, Алматыдағы тариф ел бойынша ең төменгі деңгейдің бірі, 8 жылдан бері өзгермеген – 1000 литрге 48 теңге. 

Кеңес барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды, іске асыру мерзімі айтылды. Қалалық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін (40,9 млрд теңге) негізгі магистральдық су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Кездесу соңында қала әкімі «Алматы Су» МКК басшылығына қысқа мерзімде инженерлік желілердің тозуы деңгейін азайту мен қызмет сапасын арттыру үшін жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы