Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді

Кеше, 16:25
216
Бөлісу:
Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

University Medical Center клиникаларында донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті жүргізілген операциялар ағзаны трансплантаттауды күту парағында тұрған бес адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Донор геморрагиялық инсульт алған 44 жастағы әйел болды, дәрігерлер консилиумы мидың өлімін растады. Қиын жағдайда оның туыстары бұл қадамның маңыздылығын түсініп, қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім берді.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді

UMC жүрек орталығында медициналық топ бұрын механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы LVAD имплантатталған 43 жастағы пациентке донорлық жүректі трансплантаттауды жүргізді. Екінші пациентке өкпені трансплантаттау жүргізілді. UMC Ана мен бала орталығында 15 жасар қызға бүйрек тітрансплантаттау жүргізілді . Барлық реципиенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтеді.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді

Сондай-ақ, екінші донорлық бүйрек пен бауыр Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантатталды.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау ең күрделі операциялардың бірі болып табылады, алайда тәжірибе, дағдылар және техникалық жарақтандыру оларды біздің елімізде жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Жүрек пен өкпені трансплантаттау қайтыс болғаннан кейінгі донордан, мидың өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда, одан әрі процесс көбінесе әлеуетті донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау бес ауыр пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік берді

Ағзаларды трансплантаттауды сәтті жүргізу - бұл әртүрлі мемлекеттік және медициналық қызметтердің үйлесімді топтық жұмысы. Трансплантологтар тобы бірінші кезекте донордың жақындары мен туыстарына, ағзаларды трансплантаттау бойынша бірқатар күрделі операцияларды қауіпсіз жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы