Дональд Трампқа қатысты қозғалған екі қылмыстық іс тоқтатылды

Бүгiн, 11:21
200
Бөлісу:
Дональд Трампқа қатысты қозғалған екі қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: AP Photo / Evan Vucci

АҚШ Әділет министрлігі Дональд Трампқа қатысты сайлауға араласу және құпия құжаттарды сақтауға байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша қудалау тоқтатылғанын мәлемдеді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

DW агенттігінің хабарлауынша, арнайы прокурор Джек Смит соттан жуырда ғана жеңіске жеткен АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты істі тоқтатуды сұрады. Бұл туралы ол дүйсенбі, 25 қарашада өзі хабарлады.

Судья Тани Чутканға арнаған мәлімдемесінде Смит АҚШ Конституциясы бойынша сотталушының ісі ұлықтау рәсіміне дейін тоқтатылуы тиіс екенін түсіндірді. Сол күні Чуткан істі ресми түрде тоқтатты.

Сайлау науқаны кезінде Дональд Трамп Джек Смитті Ақ үйге оралған бойда жұмыстан босататынын айтқан еді.

АҚШ-та Дональд Трампқа қарсы қылмыстық және азаматтық істер жалпы төрт қылмыстық іс бойынша айып тағылған болатын. 

25 қарашада екі федералды іс жабылды: олар саясаткердің 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауына араласу әрекетіне және құпия құжаттарды дұрыс сақтамауға қатысты.

Дональд Трампқа қарсы Нью-Йорк пен Джорджия штатттары деңгейінде тағы екі іс қозғалған еді. Біріншісінде, экс-президент іскерлік құжаттарды қолдан жасады деп айыпталып отыр. Алқабилер оны кінәлі деп тапты, содан кейін ол шешімге шағымданып және судья істі кейінге қалдырады.

Екінші жағдайда Трамп 2020 жылы Джорджиядағы президенттік сайлаудың нәтижесіне ықпал етуге тырысты деп айыпталуда.

Сонымен қатар, Дональд Трампқа қатысты екі азаматтық іс қозғалған. Олар 1990 жылдардың аяғында бұрынғы журналист Джин Кэрроллға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету және одан кейін оған жала жабуға қатысты.

Өзгелердің жаңалығы