АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пенсильвания штатында сайлауалды науқан кезінде оған белгісіз біреулер оқ атқан.
Бірінші атылған оқтан соң саясаткер мінбердің артына тығылғаны белгілі болды. Экс-президенттің оққағарлары оған орнынан тұруға көмектесіп, сахнадан алып кеткен. Митингтің трансляциясынан түсірілген кадрларда Трамптың құлағы қанағанын көруге болады.
Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунг оған қазір қауіп төніп тұрмағанын және ауруханада тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді.
Белгісіз біреу саясаткерге қарата сахнаға бірнеше мәрте оқ жаудырған. Салдарынан митингтің бір қатысушысы қаза тауып, екі адам жараланды.
Ал Трамп құлағынан жарақат алды. Бірақ қазір жағдайы тұрақты екендігі айтылуда.
Оқ атушының көзі жойылды. Қолда бар деректерге сүйенсек, Трампқа оқ атушы Құпия қызметтің қызметкері болған.