Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дональд Трамп Владимир Путинмен Анкориджде жеке кездесті

16 Тамыз 2025, 00:18
842
Бөлісу:
 РИА Новости
Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Анкоридж қаласындағы әскери базаның аэродромында Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен жеке кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ президенттер арасындағы жоспарланған жеке кездесу басқа форматта – екі басшының кеңесшілерінің қатысуымен өтетінін жаздық.

АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, Трампқа Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы елші Стив Виткофф қосылады. Путинге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қосылады.

Бұл ретте Ресей президентінің хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Анкориджде Трамппен кездескен соң кеңес ұшқыштарының зиратына гүл шоқтарын қоятынын хабарлады.

16 тамызға қараған түні Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляскада (АҚШ) келіссөз жүргізеді. Бұл екі ел президенттерінің 2019 жылдан бергі алғашқы жеке кездесуі.

Өзгелердің жаңалығы