Әлем назарын тігіп отырған саяси оқиғаның негізгісі осы – Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Путин – Трамп кездесуінің күні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Америкалық және ресейлік көшбасшылар Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесу күні әлі белгіленген жоқ, – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Al Arabiya арнасына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ Құрама Штаттардың Ресейге қарсы ықпалы бар екенін, бірақ мемлекеттер бұл құралдарды пайдаланбайды деп күтетінін қосты.
Мемлекеттік хатшы қазір Сауд Арабиясында, ол 10 наурызда келді. Ертең Киев пен Вашингтон өкілдерінің алғашқы ресми кездесуі өтеді. Бұл 28 ақпанда Ақ үйде АҚШ пен Украина президенттері Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы кикілжіңнен кейінгі кездесу.
Сондай-ақ Зеленский Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен келіссөздер жүргізу үшін Жиддаға ұшып кеткен. Президент Украина делегациясының құрамын жариялай отырып, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермакты, оның орынбасары Павло Палисті, Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сибига мен Қорғаныс министрі Рүстем Умеровты атап өтті. Зеленскийдің өзі бұл кездесуге қатыспайды.
Келіссөздерге америкалық тараптан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Вальц және Трамптың Таяу Шығыстағы өкілі Стив Виткофф қатысады.