Дональд Трамп Иранның ядролық қарудан бас тартуға келіскенін мәлімдеді

АҚШ президенті Тегеранмен жүргізілген келіссөздер барысында маңызды уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.

 AP Photo/Evan Vucci Бүгiн 2026, 14:19
Бүгiн 2026, 14:19
127
Фото: AP Photo/Evan Vucci

Дональд Трамп Иранның Вашингтонмен талқыланып жатқан келісім аясында ядролық қаруға ие болудан толық бас тартуға келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Америка президентінің сөзінше, бастапқыда Тегеран ядролық қару әзірлеуден бас тарту идеясын қолдаған. Алайда кейін мұндай қаруды сатып алу мүмкіндігіне қатысты қосымша мәселе туындаған.

Енді келісімде: “Біз әскери қаруды әзірлемейміз де, қандай да бір жолмен иеленбейміз де” деп жазылған. Бұл – үлкен айырмашылық, – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ президенті Иранмен келіссөздер баяу жүріп жатқанын айтқан болатын. Оның пікірінше, бұл үдерісті иран тарапының ұстанымы қиындатып отыр. Трамп оларды «өте қиын келіссөз жүргізушілер» деп атаған.

Соған қарамастан, АҚШ президентінің айтуынша, тараптар арасындағы диалог жалғасып жатыр. Ал келіссөздердің басты мақсаты өзгермеген – Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу.

Наверх