Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дональд Трамп 70-тен асқан адамдарда жиі кездесетін ауруға шалдықты

18 Шілде 2025, 11:41
1335
Бөлісу:
 realdonaldtrump
Фото: realdonaldtrump

Дональд Трамптан созылмалы ауру анықталды. Бұл туралы Ақ үй жариялаған дәрігер Шон Барбабелланың қызметтік жазбасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хабарламада соңғы апталарда Трамптың балтыр тұсында жеңіл ісіну байқалғаны жазылған. Содан кейін төменгі аяқ тамырларына екіжақты допплерографияны қоса алғанда, кешенді медициналық тексеруден өткені айтылған.

Созылмалы веноздық жетіспеушілік анықталды. Бұл залалсыз және кең таралған жағдай. Әсіресе 70 жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі, - деп нақтылады дәрігер.

Дәрігерлер басқа тромбоз, артериялық аурулар, жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек қызметінің бұзылуы сияқты белгілер анықталмағанын айтты.

Сондай-ақ жазбада Трамптың алақанының сыртқы жағындағы жеңіл көгерулердің себебі түсіндірілген. Бұл жиі қол алысып амандасу салдарынан жұмсақ тіндердің тітіркенуімен және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін үнемі аспирин қабылдауымен байланыстырылады. 

 

Өзгелердің жаңалығы