Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында БАҚ пен әлеуметтік желілерде домофондар үшін абоненттік ақы төлемеуге болады деген ақпарат пайда болды.
Бұл ақпаратты тарату үшін 2021 жылы Ақтауда домофон жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті орнату кезінде оны күштеп таңу үлгісі негіз болды, мұнда мәжбүрлі ассортименті бар тауарды өткізу бөлігінде жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша Маңғыстау облысы бойынша монополияға қарсы департамент домофон ұйымдарының атына домофонға абоненттік қызмет көрсету жөніндегі шарттарды алып тастау туралы хабарлама енгізді.
Кейін іс материалдары СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік департаментіне берілді, өйткені 2022 жылы Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заңның нормалары күшіне енгеннен кейін, БҚДА бәсекелес компанияға залал келтірілген жағдайда жосықсыз бәсекелестік жөніндегі өтініштерді қарайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетімен бірлесіп мыналарды түсіндіреді.
Домофонды тұрғындар үйдің кіреберісіне кіруді бақылау үшін пайдаланады, тиісінше, оған техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу мәселелері тұрғындар арасында ұжымдық талқылау нысанасы.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының 23-тармағының 12) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау домофонға техникалық қызмет көрсетуді де қамтиды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 42-1-бабына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.
Жиналыс үй кеңесінің, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының бастамасы бойынша, тексеру комиссиясының талап етуі бойынша, пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша не тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша шақырылады.
Осылайша, қажет болған жағдайда, пәтер иелері жиналыста жабдықтар бұзылған жағдайда абоненттік төлемнен бір реттік төлемге көшу туралы бастама көтере алады.
Бұдан басқа, қағидалардың 22-тармағына сәйкес мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы не Басқарушы компания жыл сайын сервистік қызметтің жұмыс істеп тұрған субъектісімен шартты қайта жасасу немесе сервистік қызметтің жаңа субъектісін таңдау туралы мәселелерді ТКШ ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық дауыс беру жолымен немесе қағаз түрінде жиналысқа шығарады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, домофонды орнату және оған техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу барлық тұрғындардың шешім қабылдау мәселелеріне қатысты болғанына қарамастан, шарттар әрбір тұрғынмен жеке жасалады.
Егер домофонның жабдықтары пәтер иелерінің меншігіне өтпесе, абоненттік төлеммен бірге техникалық қызмет көрсету домофонды орнату кезінде келісімшартқа қосылады, нәтижесінде домофонның өзінен гөрі қымбатырақ болып шығады, мұндай шарттарды жасасу пәтер иелерін қолайсыз жағдайға душар етед. Ал қағиданың 23-тармағына сәйкес домофон жабдығын орнату және оған техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер бөлінген.
Қағиданың 24-тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтердің әрбір түріне сервистік қызмет субъектілерімен жеке шарт жасалады. Бұл ретте шарттың мерзімі бір жылдан аспайды.
Заңды және осы қағиданың ережелерін сақтау тұрғын үй инспекциясының құзыретіне жатады, ол бұзушылықтарды жою және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау бойынша орындалуы міндетті нұсқама (ұсыным) шығарады (Заңның 41-2-бабының 1-тармағы 5) тармақшасы).
Сонымен бірге, шарт жасасу кезінде тұтынушының құқықтарын бұзатын талаптар болған жағдайда, тұтынушы, домофон ұйымы өз ережесінің артықшылықтарын пайдалануына байланысты өзіне келтірген залалдарды өтетуге құқығы бар («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» pаңының 8-1-бабы).
Домофон ұйымының іс-әрекетінің нәтижесі осы қызметтер нарығындағы бәсекелестікті шектеу болуы мүмкін.
Ұжымдық өтініш негізінде домофон ұйымының іс – әрекеттері - келісім жасасуды мәжбүрлеу немесе домофон ұйымының ауысуына кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттері БҚДА бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан, оның ішінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы тұрғысынан қаралуы мүмкін.