Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан халқын "Домбыра күні" мерекесімен құттықтады.
Баршаңызды Домбыра күнімен құттықтаймын! Біздің елімізде осындай мереке бары қандай керемет. Әрбір халықтың жеке "визит карточкалары" жиынтығы бар. Менің ойымша, олардың ең бастысы-тіл мен музыка. Әлемнің қай жерінде болмасын, мен қазақ тілінде сөйлеп, домбыраны тыңдай отырып, Қазақстаныма әрқашан ораламын - дейді министр өз құттықтауында.
Ол "домбыра - бұл қазақ жанының музыкасы, халқымыздың, салт-дәстүрлеріміздің, мәдениеттіміздің жарқын тарихы" екенін атап өтті.
Бірнеше мың жыл ішінде екі (үш) ішекті домбыраның әуені арқылы жақсы да, қайғылы жаңалықтар жеткізіліп, әңгімелер, ертегілер мен аңыздар үндестіріліп айтылған. Домбыра бізді халқымыздың бастан кешкен оқиғаларын ішегімен байланыстыратын аспап. Сол себепті қазақ күйлері ЮНЕСКО мұралар тізіміне енгені бекер емес. Ғасырлар өтіп, адамдар мен әуендер өзгерсе де, домбыраның үні өзгеріссіз қалып, еліміздің кең байтақ Ұлы Даласында шырқалып,жалғасады! Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар! - деді Бақыт Сұлтанов.
Оқи отырыңыз: