Домбыра мен киіз үй қазақтікі деп патент ала алмаймыз – Әділет министрлігі

1 Шілде 2024, 13:16
1747
Бөлісу:
Домбыра мен киіз үй қазақтікі деп патент ала алмаймыз – Әділет министрлігі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онда ұлттық өнімдерді патенттеудің тәртібі түсіндірілді. 

Көптеген әріптесіміз осы жерде шатасып жатады. Мысалы “Домбыра түбегейлі қазақтікі, киіз үй түбегейлі қазақтікі деген сияқты патент неге алмаймыз?” деп жатады. Бұл – сөзбұйдаға салынатын мәселе, - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол қазақтікіндей киіз үй мен музыкалық аспаптар өзге де елдерде болуы мүмкін екенін атады.

Сол себепті біз бір бұйымды не болмаса ұлттық өнімді, мысалы ірімшікті басыбайлы біздікі деп патенттей алмаймыз. Себебі ол өзге де елдерде бар дүние. Ал оның жасалу технологиясында қандай да бір жаңашылдықтар болса, оны, әрине, қазақстандық өнертапқыштардың еншісіне патенттеп бере аламыз, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы