Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Мерекеге орай, BAQ.KZ тілшісі қала көшелеріне шығып, қазақстандықтарға Төлеген Момбековтің “Салтанат” күйін тыңдатты.
Күйді тыңдағандар қандай сезімге бөленді? Қазіргі ұрпақ домбыраның шанағынан шыққан күйді сөзсіз түсінген ата-бабамыздай “Салтанат” күйінің табиғатын сезіне ала ма? Ол күйдің тарихы қандай?
Бұл сұрақтардың жауабын төмендегі сауалнамадан таба аласыз.