«Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кеші өтті

3 Шілде 2022, 16:27
2414
Бөлісу:
«Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кеші өтті
PHOTO

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық домбыра күніне орай Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы  ұйымдастырған «Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кешін өткізді.

Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деп жырлағандай , республикалық шараға еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан арнайы кітапханалардың ұжымдары қатысты. 

«Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кеші өтті

Ал абзал Ана, белсенді оқырман есімі тарихта қалған Дина Нұрпейісованың шөбересі Бағила Қайыржанқызы батасын берсе, қолөнер шеберлері домбыраның тарихы мен жасалу жолдары туралы әңгіме өрбітті. Арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары, Ертіс өңірінің зағип ақындары домбыра үнін күмбірлетсе,  мәдениет саласының жанашырлары бабалар тастап кеткен асыл мұрамыздың жалғастырушылары ретінде домбыраның қадір-қасиеті туралы ой өрбітті , - дейді облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың бөлім басшысы Айнагүл Қожаханова.

«Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кеші өтті

 Осылайша, кітапханашылар мен оқырмандар біздің заманымызға қазақ халқының ән — күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткеніне куә болып, қас пен көздің арасында зулап өте шыққан үш сағатта Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кешін бір деммен тамашалады.

«Домбыра-Дастан» республикалық онлайн әдеби сазды кеші өтті

Павлодар облысында домбыра күні кеңінен аталып өтілуде. Мың оқушы бір мезетте күй орындап, өнерсүйер қауымды тәнті етті. Ал ұлттық аспаптар оркестрлері Ертіс өңірінің тұрғындары үшін ауқымды концерт өткізеді. Басты мақсат - домбыраның мәдени және ұлттық құндылығын жоғалтпай, келер ұрпаққа дарыту. 

Өзгелердің жаңалығы