Доллар бағамы күрт төмендеді

Ақша айырбастау пунктерінде доллар қанша болды?

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 17:13
Бүгiн 2026, 17:13
249
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 6,13 теңгеге төмендеп, 493,36 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) Астана уақытымен сағат 15:30-да шетел валюталары нарығының келесі құралдары бойынша сауда-саттық жабылды.

Ресей рублі де арзандады. Оның бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 6,26 теңге болды.

Қытай юані күндізгі сессияда 71,77 теңге деңгейінде қалыптасты, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,5 теңгеге төмен.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 491,7 – 494,6 теңге, еуро 572,5 – 578,4 теңге, ал рубль 6,28 – 6,41 теңге аралығында сатып алынуда және сатылуда.

Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы барреліне 84 долларға дейін өсті. 

Наверх