Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге арзандап, 508,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 512,83 теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,36 теңгеден сатып алынады, 515,57 теңгеден сатылады. Еуро 594,26 — 600,77 теңге, ал рубль 6,19 — 6,36 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,63 теңгеден сатып алынады, 76,90 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 509,00 теңгеден сатып алынады, 516,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 592,18 теңге, сату — 602,29 теңге;
- рубль: сатып алу — 6,15 теңге, сату — 6,50 теңге.
- юань: сатып алу — 73,24 теңге, сату — 77,30 теңге.