Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Доллар бағамы күрт төмендеді

2 Желтоқсан 2025, 16:23
650
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан қор биржасындағы 2 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 508,2 теңге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,20 теңге болып, 4,8 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы – 513,45 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы мынадай:

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде:

  • сатып алу- 508,09 теңге,
  • сату - 510,63 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде:

  • сатып алу - 506,44 теңге,
  • сату - 512,44 теңге.
Өзгелердің жаңалығы