Дохадағы турнирде Рыбакина мен Путинцева өнер көрсетеді

Бүгiн, 00:32
212
Бөлісу:
Дохадағы турнирде Рыбакина мен Путинцева өнер көрсетеді
Фото: baq.kz

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 9-15 ақпан аралығында өтетін Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.

Әлемнің 46-ракеткасы, америкалық Питон Стирнс немесе рейтингіде 50-сатыдағы украиналық Даяна Ястремскаяның қай жеңгенімен кездеседі.

Е.Рыбакина биылғы Аустралия ашық чемпионатында Д.Ястремскаяны 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Қазақстанның екінші, әлемнің 21-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 62-сатыдағы жапониялық Моюка Учижимадан өтуге тырысып көреді.

Биылғы алғашқы WTA 1000 жарысының жүлде қоры 3 млн 664,963 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Оған әлемнің маңдайалды теннисшілерінің бәрі қатысады.

Өткен жылы Дохада Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Ига Швентекке 6:7 (8:10), 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Осы аптада Абу-Дабиде чемпиондық атағы мен рейтингілік ұпайын қорғай алмай, WTA Live рейтингісінде 7-орынға сырғыған Е.Рыбакина үшін тағы бір сын сағаты туып тұр. Егер Дохада финалға дейін жетпесе, рейтингіде одан сайын төмендеуі ықтимал.

Ал өткен жылы Доха додасына қатыспаған Ю.Путинцева биыл сәтті өнер көрсетсе, рейтингіде жоғарылайды.

Өзгелердің жаңалығы