Қатар астанасы Дохада Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Келіссөзге Қатар, Египет, АҚШ және Израиль қатысады. Ал ХАМАС қалыс қалды. Алайда Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кирби Қатар мен Египеттен келген делдалдар ХАМАС-пен келісетінін айтты.
Ал ХАМАС Израиль әскерін толық анклавтан шығарғанда ғана Газа секторында бітімгершілік туралы келіссөздерден бас тартпайтынын мәлімдеді.