Дохадан Ирландия астанасы Дублинге бағыт алған Qatar Airways ұшағының бортында турбулентті қозғалыс кезінде 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға бортсерік жолаушыларға тағам тарату кезінде болып, небәрі 20 секундқа созылған. Бұл туралы Дублин әуежайы хабарлады. Олардың айтуынша, әуе кемесі жерге өз уақытында қонған.
Жарақат алған экипаж мүшелеріне жедел медициналық көмек көрсетілді. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты зерттеу жүргізетінін мәлімдеді.