Дәрігер: "Дене қызуым жоқ" екен деп уақыт өткізуге болмайды

19 Маусым 2020, 16:46
21180
Бөлісу:
Дәрігер: "Дене қызуым жоқ" екен деп уақыт өткізуге болмайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тамағыңыз ауырып, мұрын бітіп, әлсіз сезінсеңіз, бірақ дене қызуы жоқ болса, уақыт өткізуге болмайды. 

Бұл туралы дәрігер инфекционист Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың барлығында дене қызуы көтеріле бермейді. Аурудың белгісі әр адамда түрлі жағдайда сипат береді.

Симптомсыз келгендердің көбі өзін жақсы сезінеді, алайда рентген немесе компьютерлік томография кезінде олардан вирус анықталды. Егер адамдар өз денсаулығынының нашарлағанын, өзін жайсыз сезінсе, вирусқа күдіктенсе, емханадағы дәрігерлеріне немесе call-орталыққа қоңырау шалып, кеңес алғаны жөн. Дене қызуы болмаған соң, сырқатын елемегендердің көбі ауыр халде немесе орта ауыр деңгейде түсіп жатыр, - дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол қала тұрғындарына адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартып, иммундық жүйені көтеруге күш салу қажеттігін айтты.

Әр адам өз иммунитетін көтеру үшін алдымен жеке гигиеналық тазалықты ұстанып, адамдар көп жиналатын жерден аулақ жүруі қажет. Дұрыс тамақтанып, ұйқысын қандырғаны жөн. Одан бөлек бет-албаты химиялық дәрілерді қабылдап, иммундық жүйені әлсіретпеген дұрыс. Тек созылмалы аурулары болған жағдайда дәрі қабылдап, оны тез емдегені дұрыс, - дейді Тамара Утағанова.

Өзгелердің жаңалығы