Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің 9-нан бастап "Добро-Соседство" акциясы өз бастауын алды. Акция ұйымдастырушылары Қазақстандағы қиын жағдай кезінде шет қалмау үшін "Добро-Соседство" шарасы жүзеге асырылғанын атап өтті.
Ең алғашқылардың санында болып Уфа қаласындағы "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіне гуманитарлық көмек жіберді.
Шілде айында Ресейдің азаматтық сектор өкілдері Қазақстанға барлығы 100 мың бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібереді. Жүктің жалпы құны - 1,5 миллион рубль (9 млн теңге), - деді ұйым өкілдері.
Қазақстанның әртүрлі ұйымдарына (медициналық және волонтерлік ұйымдар; балалар және қарттар үйлері) волонтерлік қолғаптар, маскалар, қан қысымын бақылау құралдары, электрондық термометрлер, медициналық ингаляторлар таратылып жатыр.
Сондай-ақ, сәлемдемеде дәрумендер мен парацетамол бар. Еріктілер бұл дәрі-дәрмекті мұқтаж адамдарға тегін үлестіреді.
Гуманитарлық көмектің алғашқы партиялары Екатеринбургдан Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына, Уфадан Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларына, Астраханнан Атырауға, Саратовтан Оралға жеткізілді.
Акцияға Ресейдің Мәскеу, Екатеринбург, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосібір, Орынбор және Қазан қалалары қатысуда.
Алдағы уақытта көмек Нұр-Сұлтан каласына екінші партия, Алматы, Шымкент қалаларына да жеткізіледі.