Днепрде құрылыс краны көлік жүргізушісін мерт қылды

12 Желтоқсан 2020, 21:07
1621
Бөлісу:
Днепрде құрылыс краны көлік жүргізушісін мерт қылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс кранының бір бөлігі бетон араластырғыш көліктің кабинасын басып қалды. Көліктің ішінде жүргізуші болған.

Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Бүгін Днепрде құрылыс краны бетон араластырғыш көлікке құлап кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 

12 желтоқсан сағат 10:44-те Днепр қаласында Индустриалдық ауданның Березинская көшесінде үлкен құрылыс краны бетон араластырғыш көлікке құлап кетті. Жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар қайтыс болған адамның денесін алып шықты.




Өзгелердің жаңалығы