20 минутқа жалғасқан алғашқы тайм нағыз намыс үшін жан алысып, жан берісікен тартысқа толы болды. Бір-біріне есе бермеуге тырысқан екі команда да есепті 2:2-мен аяқтады.
Бұл кездесуді қос команда былай тұрсын, көкпардан хабары бар қарапайым көрерменнің өзі көптен күткен болатын, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ел есінде болса, ІІІ Дүниежүзі көшпенділер ойындарынан соң қос команданың арасындағы «кәм мықты?» деген мәселе тіпті ушыға бастаған болаты.
Екі елдегі көкпар жанашырлары, жанкүйерлері қазандық пен шеңбер мәселесінде көкпарға түскен серкеден кем тартысқа салмады. Енді міне, сырт алаңда, екі командаға да ара ағайын бола білер Түркия төрінде бұл тартысқа нүкте қойылды деп ойлаймыз.
Иә, Орта Азия бьылай түрсын аузы аққа, ауы атқа жарыған күллі көшпенділердің арасында көкпар ойынында суырылып алға шыққан қазақ-қырғыз екілігі бір-біріне дес бермей, көп жағдайда итжығыс түсіп келген болатын. Оның дәлелі – бүгінгі ойын.
20 минутқа жалғасқан алғашқы тайм нағыз намыс үшін жан алысып, жан берісікен тартысқа толы болды. Бір-біріне есе бермеуге тырысқан екі команда да есепті 2:2-мен аяқтады.
Осы орайда, еліміз намысын қорғаған еңсегей бойлы енрлердің есімін де бір рет еске түсіріп қою артықтық етпес деп ойлаймыз. Сосын екінші таймның әңгімесін жалғастырамыз.