Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов отынның қандай түрінде тапшылық байқалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа редакциядағы «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрық қабылданып, 22 тамызда күшіне енгенін атап өткім келеді. Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланады.Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайтын болады, жүргізуші куәлігі мен тех паспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі, - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта МӨЗ отынды жеткілікті мөлшерде өндіреді.
МӨЗ-дегі қорлар шамамен 50 мың тоннаны құрайды, алайда МӨЗ-ден мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес жүзеге асырылады. Бос вагон – цистерналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі, вагондарды жеткізу пункттеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады, - деді Болат Ақшолақов.