"Дипломмен ауылға": 10 жылда 60 мың адам көтерме жәрдемақы алған

7 Тамыз 2019, 17:11
2854
Бөлісу:
"Дипломмен ауылға": 10 жылда 60 мың адам көтерме жәрдемақы алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ұлттық экономика вице-министрі осындай көрсеткішті атады.

"Білікті мамандарды ауылға тарту бойынша Елбасының арнайы он жыл бұрын берген тапсырмасына сәйкес "Дипломмен ауылға" жобасы іске асырылып жатыр. Осы жобаның негізгі мақсаты - әлеуметтік қолдау көрсету арқылы ауылдық жерлерде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ынталандыру мен бекіту. Қатысушылар - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін дипломы бар мамандар", - деді Ермек Алпысов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Вице-министрдің айтуынша, көтерме жәрдемақы көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Биылғы жылы - 252 мың 500 теңге. Он жылдың ішінде көтерме жәрдемақысын 60 мыңнан астам адам алған. Сонымен қоса, ауылға келген мамандарға баспана алуға жеңілдетілген несие беріліп келеді.

Бұған дейін Ермек Алпысов ауылдарда қанша адам тұратынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы