"Дипломмен ауылға": Баспана алуға берілетін бюджеттік несиемен 5 мың жас маман қамтылады

8 Маусым 2020, 12:35
2243
Бөлісу:
"Дипломмен ауылға": Баспана алуға берілетін бюджеттік несиемен 5 мың жас маман қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл баспана алуға берілетін бюджеттік несие ретіндегі әлеуметтік көмекпен 5 мың жас маман қамтылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады. 

Жастарды ауылға тарту бойынша "Дипломмен ауылға" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Былтыр 4 мыңнан астам маман 1200 ауылда жұмысқа кірісті. Оның ішінде ұстаздар мен дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, ветеринарлар мен агрономдар бар, - деді министр. 
Дәленов оларға баспана алуға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты. 
Оның сомасы жыл сайын ұлғайып отырады. Бүгінгі күні ол 4,1 млн теңгені (1500 АЕК) құрап отыр. Несие мөлшерлемесі 15 жылға несие беру мерзімімен қосқанда, небәрі 0,01%-ды құрайды. Биыл баспана алуға берілетін бюджеттік несие ретіндегі әлеуметтік көмекпен 5 мың жас маман қамтылады, - деді Руслан Дәленов.
ҰЭМ басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Жастар жылы" аясында қаржыландыру көлемі артып, биыл ол сома 20 млрд теңгеге жеткенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы