Дипломатиялық қызметкерлер елге оралған соң жұмысқа тұруға міндетті болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс дипломатиялық қызмет мәселелері туралы заңды қабылдады. Түзетулер аясында депутаттар дипломатиялық қызметте жұмыс істейтін және халықаралық ұйымдарда мансабын аяқтаған қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар әзірледі.
Осылайша, халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталған соң, халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымда қызметінен босатылған күннен бастап үш ай ішінде конкурстық іріктеу өткізілмей, Сыртқы істер министрлігінде атқарған қызметінен төмен емес лауазымға тағайындалады.
Бұл ереже халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей саяси лауазым атқарған адамдарға қолданылмайды.