Дипломатиялық корпус сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен танысты

10 Қараша 2019, 15:04
1995
Бөлісу:
Дипломатиялық корпус сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында ҚР сыртқы істер министрлігі өкілдігінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың БҰҰ агенттіктерінің, дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйым өкілдерімен, "Алматы" дипломатиялық клубы мүшелері, консулдармен Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру мәселелерін талқылды.

Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та қатысты. Іс-шара қатысушыларына инвестициялық саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысында бюрократиялық кідірістер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын жою болып табылатын "Бизнесті және инвестицияларды қорғау" жобалық кеңсенің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтылды, - делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Халықаралық инвестициялық қоғамдастық Қазақстан экономикасының түрлі секторларында кеңінен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, іс-шара барысында жан-жақты пікір алмасылды. 

Сол күні дипкорпус өкілдері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен "Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты.





Өзгелердің жаңалығы