Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

15 Қыркүйек 2025, 15:31
607
Бөлісу:
 Арман Мухатов
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні аталып өтуде. Елдің эпидемиологиялық ахуалын жақсарту саласынды қызмет етіп жүрген сала мамандарының жұмысы кейде шеткері қалатыны жасырын емес. Айтулы күні BAQ.KZ тілшісі елордадағы ерекше зертханаға барып, ондағы мамандардың жұмысымен танысты.

Елордада диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді (ПХБ) анықтаумен айналысатын мамандандырылған зертхана жұмыс істейді. Мұнда мамандар жоғары дәлдіктегі технологиялардың көмегімен су, топырақ және тағамда жиналуы мүмкін ең қауіпті токсиндер – диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді (ПХБ) анықтайды. Бұл – адам денсаулығына көрінбейтін қатердің алдын алуға бағытталған маңызды жұмыс.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

Диоксиндер мен ПХБ: жасырын қауіп

Диоксиндер мен ПХБ – тұрақты органикалық ластаушылар қатарына жатады. Олар канцерогенді, мутагенді әрі иммундық жүйені әлсірететін қасиетке ие. Мұндай заттар қатерлі ісікке әкеліп, ұрпақ денсаулығына қауіп төндіреді. Халық арасында ПХБ-ны тіпті "химиялық ЖИТС" деп атайды, себебі ол иммунитетті айтарлықтай әлсіретеді.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

У қайдан пайда болады?

Бұл улы қосылыстар хлор бар материалдар жанғанда түзіледі. Қоқыс жағылғанда, өндірістік қалдықтар шыққанда немесе орман өртінде ауаға таралуы мүмкін. Тіпті ең аз мөлшері ағзада жиналып, тағам тізбегі арқылы келер ұрпаққа беріліп отырады.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

Біз галоген қоспай жасалған арнайы қабырғалары бар капсулалық бөлмелерде жұмыс істейміз. Желдету жүйесі толықтай автономды және хепа-фильтрлермен жабдықталған. Бұл зиянды заттардың қоршаған ортаға таралуын болдырмайды, – дейді диоксиндер мен ПХБ анықтау зертханасының меңгерушісі Марат Ахметов.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

Үш күндік жұмысты үш сағатқа сыйғызған технология

Бұл зертханада сынамаларды дайындау үшін америкалық компанияның заманауи автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Қалыпты жағдайда мұндай талдау үш күннен аптаға дейін уақыт алса, мұнда бар болғаны үш сағатта нәтиже шығады.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

Жылдамдық жоғары қысым, жоғары температура және арнайы патенттелген картридждер арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл үлгілерді бөлек фракцияларға бөлуге мүмкіндік береді: диоксиндер, полихлорланған бифенилдер, дибензофурандар. Кейін сынама концентрленіп, талдауға дайындалады, – деп түсіндірді Марат Ахметов.

Қорытынды тексеріс АҚШ-та өндірілген газды хромато-масс-спектрометрде жасалады. Бұл құрылғы диоксиндердің нанограмм деңгейіндегі ізін таба алады.

Қай суды ішу пайдалы?

Зертхана қызметкерлері елорданың түрлі су көздерін зерттеп шықты: сүзгіден өткен су, бөтелкедегі су, құбыр суы және дүкендердегі автоматтардан алынған су. Нәтижесінде сүзгіден өткен судың минералдары жоққа тән болып, "өлі" суға айналатыны анықталды. Ал ағза үшін ең пайдалысы – минералдарын сақтап қалатын бөтелкедегі су.

Диоксиндер мен ПХБ: Елорда ғалымдары қауіпті уды қалай анықтайды?

Халық қауіпсіздігі – басты мақсат

Зертхана ашылғаннан бері топырақ, су мен тағам өнімдеріне көптеген зерттеулер жүргізілді. Қуаныштысы, қауіпті деңгейдегі диоксиндер әзірге табылған жоқ. Егер нормадан асқан жағдай анықталса, деректер бірден реттеуші органдарға жіберіледі.

Бұл орталық тек ғылыми талдау жасап қана қоймай, мемлекетке нақты мәлімет ұсынып, экологиялық қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді. Су мен тағам сапасын жүйелі бақылау – халықтың қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге сенімділіктің кепілі.

Өзгелердің жаңалығы