Бүгін Динис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді.
Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді.
Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.