Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

11 Сәуір 2019, 10:40
2540
Бөлісу:
Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы өтіп жатыр. 

Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

  Конференция жұмысына Еуразия және Ұлы Жібек жолы елдерінің Бас муфтилері, діни қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органның басшылары, лауазымды тұлғалар, зиялы қауым өкілдері қатысуда. 

Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

"Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл бастама жас буынға, олардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, білім алуына айтарлықтай серпін береді", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз. 

Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

Ғылыми-діни конференция Қари - Садуақас қажы Олжабаевтың Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. 

Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды

Аталған конференция Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "2019 - Жастар жылы" деп жариялаған игі бастамасын белсенді қолдап, "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі",  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" идеяларын рухани-діни тұрғыдан насихаттауды көздейді.

«Рухани Жібек жолы» конференциясының осыған дейінгі іс-шаралары Үрімші (2016 ж.), Қазан (2017 ж.), Бішкек, (2018 ж.) қалаларында өткізілген. Конференцияның кезекті отырысы қазақстанның Бас муфтиі, мәртебелі Серікбай қажы Ораздың арнайы шақыртуымен өтіп жатыр.


Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды


Өзгелердің жаңалығы