Астанада «Қазақстан Евангелдік сенімдегі христиандар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңсесінде діни бірлестіктер өкілдерінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, іс-шараға Қазақстанның діни бірлестіктері мен Дін істері комитетінің басшылығы мен өкілдері қатысып, протестантизмнің бір бағыты атанған «Елуіншілер» тарихымен танысты.
Сонымен қатар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысындағы өзекті мәселелер де талқыланды.
Отырыс соңында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу, өзара түсіністік пен сыйластықтан құралған қарым-қатынасты қолдау, халықаралық аренада дінаралық диалогты дамыту маңыздылығы сөз етілді.