Діни басқарма татуировкаға қатысты пәтуа шығарды

Бүгiн, 18:45
154
Бөлісу:
Діни басқарма татуировкаға қатысты пәтуа шығарды
Фото: pixabay.com/

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады, - деп жазылған хабарламада.

Ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынатынын, мүмкіндік болса оны кетіру керектігін алға тартты.

Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды, - деп жазды Ғұламалар кеңесі.

Өзгелердің жаңалығы